Жалпы ережелер
NFC Bailans Cards қызметін пайдалану арқылы Пайдаланушы осы ережелермен келіседі. Қызметтің барлық пайдаланушылары осы ережелерді сақтауға міндетті.
Қызметті пайдалану
- Пайдаланушы NFC Bailans Card қызметін тек заңды және ақылға қонымды мақсаттарда пайдалануы тиіс.
- Пайдаланушы картаны тек өз атына тіркелген мақсатта пайдалану керек.
- Қызметке заңсыз әрекеттер жасауға немесе үшінші тұлғаларға өз картасын беру немесе пайдалануға жол берілмейді.
- NFC Bailans Card қызметі тек сол үшін тіркелген пайдаланушыларға ұсынылады. Картаның жоғалуы немесе ұрлануы туралы дереу хабарлануы керек.
- Қызметті пайдалану барысында ақпаратты сақтау және оны қорғау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануы қажет.
- Егер картада ақау шықса, дүрлікпей біздің WhatsApp нөмірімізге хабарласыңыз.
Пайдаланушының жауапкершілігі
- Пайдаланушы өзінің жеке деректерін жаңартып отыруға және оларды қорғауға толық жауапты.
- Пайдаланушы өзінің картасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
- Қызметті заңсыз пайдалану немесе үшінші тұлғаларға беру арқылы Пайдаланушының картасы бұғатталады
- Ақпараттарыңыз басқа адамдарға таралып кетсе, оған біз жауапты емеспіз.
Қызметтің шектеулері
- Компания NFC Bailans Card қызметін үздіксіз қамтамасыз ету үшін бар күшін салады, бірақ техникалық ақаулар мен күтпеген жағдайлар үшін жауапкершілік алмайды.
- Компания қызметтің жұмысын кез келген уақытта техникалық себептерге байланысты тоқтата алады, бірақ мұндай жағдайлар алдын ала хабарландыруды талап етеді.
- Компания Пайдаланушының картасын тек заң бұзылған жағдайда уақытша немесе тұрақты түрде тоқтата алады.
Құпиялылық және деректерді қорғау
Компания Пайдаланушының жеке деректерін қорғайды және тек осы келісім шартта көрсетілген мақсатта пайдаланады. Деректер тек компанияның ішкі қажеттіліктері үшін ғана өңделеді.
Қызметті тоқтату
Пайдаланушы қызметті өз еркімен тоқтата алады, бірақ Компания заң бұзу немесе басқа да себептер бойынша Пайдаланушының қызметті пайдалануын уақытша немесе тұрақты түрде тоқтата алады.